ЕАЭО мен Иран арасындағы еркін сауда келісімі күшіне енді

ЕАЭО мен Иран арасындағы еркін сауда туралы келісім күшіне енді.

👁️ 11
Сурет: eldala.kz

2025 жылдың 15 мамырында Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасында толыққанды еркін сауда келісімі күшіне енді. Бұл ақпаратты Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі хабарлады - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.

Комиссияның мәліметтері бойынша, жаңа келісім 2019 жылдан бері қолданылып келген, тауар ауқымы шектеулі уақытша келісімді алмастырмақ. ЕАЭО елдерінің өндірістері үшін Иран нарығына шығуда ерекше жағдайлар туғызады. Келісім бойынша, одақтан Иранға жеткізілетін тауарлардың орташа кедендік импорттық бажы ставкасы 20%-дан 4,5%-ға дейін төмендейді.

«Толық форматтағы келісімді іске асыру аясында тараптар бірлескен комитеттің алғашқы отырысын ұйымдастыруға кіріседі. Бұл отырыс 2025 жылдың екінші жартысында жоспарланған және онда ЕАЭО мен Ислам Республикасының сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту жөніндегі нақты мәселелер талқыланады», — деді ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.

Жаңа келісім ЕАЭО мен Иранның 90% тауар номенклатурасына преференциялық қолжетімділік беру жөніндегі өзара міндеттемелерін бекітеді. Уақытша келісіммен салыстырғанда, толық форматтағы келісімнің реттеуші бөлігі айтарлықтай жақсартылды, бұл тараптар арасында кедергісіз сауда алаңын қалыптастыруға бағытталған. Сарапшылардың бағалауынша, оның жүзеге асырылуы ЕАЭО мен Иран арасында тауар айналымын бірнеше есеге арттыру мүмкіндігін береді, ол орта мерзімді перспективада 12 миллиард долларды құрауы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік: ЕАЭО мен Иран мемлекеттері арасында еркін сауда келісімі 85%-дан астам тауарлар, соның ішінде астық дақылдары үшін импорттық кеден баждарын жоюды қарастырады. Келісімнің күшіне енуімен Қазақстан Иранға 3 миллион тонна бидай және 1,5 миллион тонна арпа жеткізуді кеден баждарсыз жүзеге асыра алады. Сонымен қатар, Иран жүгері, гречка, шоколад, күнбағыс майы, болат, тыңайтқыштар және ауыл шаруашылық техникаларына кеден баждарын жояды.