Алматыда атыс: бір адам жарақат алды
Алматыда атыс болып, бір адам жарақат алды.
👁️ 10

Сурет: inalmaty.kz
Атыс Алматы қаласының бір мекемесінде орын алды, - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
Бұл туралы Telegram-каналында EGOV.PRESS ақпарат агенттігі хабарлаған, атыс салдарынан бір адамның зардап шеккені белгілі болды. Алматы қаласының полиция департаменті бұл ақпаратты растады және травматикалық қару қолдану фактісі бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.
- 35 жастағы күдікті, Жетісу облысының тумасы, қамауға алынды.
- Травматикалық қару тәркіленді.
- Мәліметтер бойынша, таныс ер адамдар арасында жанжал туындап, оның нәтижесінде біреуі екіншісінің аяғына оқ атты.
Қазіргі уақытта оқиғаның басқа мән-жайлары анықталуда.