Алматыда жаңа басшы тағайындалды
Алматыда коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының жаңа басшысы тағайындалды.
👁️ 8

Сурет: inalmaty.kz
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың шешімімен коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы болып Шархан Турсунбаев тағайындалды. - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
Шархан Шаймерденович Турсунбаев Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын және Қазақстан Халықтар достығы университетін тәмамдаған.
Мамандық жолы
Оның кәсіби мансабы 2010 жылы Алматының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бас маман қызметіне орналасқан кезде басталды.
Қызмет баспалдақтары
- Ауэзов және Наурызбай аудандары әкімдерінің аппаратында әртүрлі қызметтер атқарды.
- 2018 жылы Алматы әкімінің аппаратындағы ұйымдастыру және бақылау бөлімінде бас маман ретінде жұмыс істеді.
- 2019 жылдан 2024 жылдың мамырына дейін Ауэзов ауданы әкімінің аппаратының жетекшісі, орынбасары қызметін атқарды.
- Соңғы тағайындауға дейін Алматы әкімдігі аппаратында орынбасар болып қызмет етті.