Алматыда электр ток соққысына ұшыраған электриктер ауруханаға түсті
Алматыда электр тоғына ұшыраған екі электрик ауруханаға жеткізілді.

Алматы қаласындағы «Жастар» тұрғын үй кешенінде екі электрик электр тогынан соққы алды. - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 22 мамырда 13:05-те жедел жәрдем ауруханасына ауыр электр жарақатын алған екі ер адам жеткізілді. «Зардап шеккендерде көптеген II–III дәрежелі күйік анықталды. Қазіргі уақытта олар реанимация бөлімінде, онда толық интенсивті терапия алады», - деп хабарлады басқарма.
Мегаполис полициясы департаменті бұл оқиға тұрғын үй кешенінің аумағында болғанын атап өтті. Полиция мәліметінше, «Зардап шеккендер – жеке қызмет көрсету компаниясының қызметкерлері. Алмалы аудандық полиция басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр». Барлық жағдайлар анықталуда, нәтижесінде заңнама аясында шешім қабылданатын болады.