Бесагаш ауылында бес жылан табылды
Алматы облысында бес жылан жиналған жеке үй анықталды.
👁️ 7

Сурет: inalmaty.kz
Талғар ауданындағы Бесагаш ауылында жеке тұрғын үйден бірден бес жылан табылды. Бұл туралы inalmaty.kz тілшісі хабарлайды.
Оқиға орнына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жұмылдырылды, олар жыландарды абайлап ұстап алу үшін арнайы құралдарды қолданды.
Жыландар ұсталып болғаннан кейін, оларды тұрғын аудандардан алыс, қауіпсіз аймақта босатты. Құтқарушылар, жыланмен кездескен жағдайда, дүрбелең тудырмау керектігін еске салды.
- Жыланды ұстап алуға ешқандай әрекет жасамау қажет;
- Жылан орналасқан бөлмені оқшаулап, арнайы мамандарды 112 нөміріне шақыру қажет.