Алматыда 24-26 мамыр аралығында ауа райы өзгерістері болады
Алматыда 24-26 мамырда жаңбыр, найзағай және град күтілуде.

Алматыда 24-26 мамыр аралығында ауа райында түрлі өзгерістер болатыны хабарланды. Жаңбыр, найзағай және град күтілуде, желдің жылдамдығы 23 метр секундқа дейін күшеюі ықтимал - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
24 мамыр – өзгермелі ауа-райы
24 мамыр, сенбі күні, оңтүстік астанада ауа-райы өзгермелі бұлтты болады. Түнде жаңбыр жауып, кей жерлерде күшті жаңбыр, найзағай және град күтілуде. Солтүстік-батыс желінің екпіні 18-23 метр секундқа жетуі мүмкін. Түнде температура +14…+16 градус, күндіз +25…+27 градус аралығында болады.
25 мамыр – тыныш ауа-райы
25 мамыр, жексенбі күні, ауа-райы тыныш болады – синоптиктер жауын-шашынды болжамайды. Аспан өзгермелі бұлтты болып, желдің жылдамдығы солтүстік-шығыс 3-8 метр секунд болуы мүмкін. Түнде температура +13…+15, күндіз +25…+27 градусқа дейін көтерілмек.
26 мамыр – қайтадан жаңбыр
26 мамыр, дүйсенбі күні, қайтадан жауын-шашын күтілуде: таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай және град болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы солтүстік-шығыс бағытында 3-8 метр секунд, бірақ найзағай кезінде желдің екпіні 18-23 метр секундқа дейін жетуі ықтимал. Түнде температура +15…+17, күндіз +20…+22 градус болмайды.