Алматыда қолайсыз ауа райы 30 сәуірден 2 мамырға дейін сақталады
Алматыда 30 сәуір мен 2 мамыр аралығында ауа райы қолайсыз болады.
👁️ 15

Сурет: inalmaty.kz
30 сәуір мен 2 мамыр аралығында Алматыда жаңбыр, найзағай және күшті жел күтілуде - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
30 сәуірде Алматыда ауа райы өзгермелі бұлттылықпен болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Солтүстік-батыс желінің күші 15 метр секундқа дейін жетеді.
Түнде ауа температурасы +15…+17°C, күндіз +25°C болады. 1-2 мамыр аралығында ауа райы өзгермелі бұлттылық және қысқа мерзімді жаңбырлармен, найзағаймен, тіпті бұршақпен жалғасады. Жел бағытын солтүстік-шығысқа ауыстырып, 20 метр секундқа дейін күшеюі мүмкін.
Түнде температура +13…+15°C-қа төмендеп, күндіз +21…+23°C болады.