2025 жылдың Agritechnica көрмесінде 7 тақырыптық күн өтеді

2025 жылдың Agritechnica көрмесінде 7 тақырыптық күн өтеді.

👁️ 10
Сурет: eldala.kz

Көрмедегі жеті күн әртүрлі тақырыптарға арналатын болады. Мұндай ұйымдастыру тәсілі келушілерге ең маңызды іс-шараларды таңдап, кездесулерді тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, халықаралық ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары көрмесі 2025 жылдың 9-15 қараша аралығында Ганноверде өтеді.

Көрменің бағдарламасы

  • 9 қараша: Инновациялар мен баспасөз күні. Күн тәртібінде өсімдік шаруашылығындағы стратегиялар мен тенденциялар, сондай-ақ ауыл шаруашылығының қазіргі мәселелері мен болашағы талқыланады. Пікірталастарға ауыл шаруашылық ұйымдары, фермерлер, жас мамандар және БАҚ өкілдері қатысады.
  • 10 және 11 қараша: Агробизнес күндері. Тематика дилерлерге, мердігерлерге, агрохолдингтерге және ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарына бағытталған. Көрмеге қатысушылар халықаралық тәжірибелермен танысып, өсімдік шаруашылығындағы стратегиялар мен тенденциялар туралы сөйлеседі, сондай-ақ бизнес-нетворкинг ұйымдастырылады.
  • 12 қараша: Халықаралық ауыл шаруашылығы күні. Франция, Канада және Чехиядан үздік тәжірибелер назарға алынады. Халықаралық кездесулер, панельдік дискуссиялар және нетворкинг жоспарланған.
  • 13 қараша: Цифрландыру күні. Цифрландыру арқылы тиімділікті арттыру. Қонақтар цифрландырудың үздік практикалық мысалдарымен танысып, инновациялар мен болашақтағы цифрлық ауыл шаруашылығы мәселелерін талқылай алады.
  • 14 қараша: Жас мамандар күні. Бұл күннің мақсаты – әртүрлі елдерден келген жастар мен студенттер үшін кездесулер ұйымдастыру. Кездесудің тақырыптары: мансапты жоспарлау, өсімдік шаруашылығындағы стратегиялар мен тенденциялар. Сондай-ақ YoungFarmers Party ұйымдастырылады.
  • 15 қараша: Ауыл шаруашылығы мейрамы. Қонақтар кәсіпкерлер, фермерлер және мердігерлердің жетістіктері, технологиялары, инновациялары мен ауыл шаруашылығының болашағын таныстырады.