Алматы әкімі тұрғындармен бірге жұмыс істеуге шақырды
Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарға үндеу жасады.

Оңтүстік астананың әкімі Дархан Сатыбалды Instagram-да қала тұрғындарына мегаполистің гүлденуі үшін бірге жұмыс істеуге шақырды, - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі. Өзінің лауазымына кіріскен алғашқы үндеуінде, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, қала үшін адал еңбек етуге дайын екенін атап өтіп, тұрғындарды ортақ болашақ үшін күш біріктіруге шақырды.
Сатыбалды бірінші жұмыс күні Мемлекет басшысымен кездескенін және оған бірқатар басым міндеттер қойылғанын айтты. Олардың арасында тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, қала экономикасын әртараптандыру, инфрақұрылымды кешенді жаңғырту, көлік жүйесін дамыту және экологиялық мәселелерді шешу бар.
«Алматының гүлденуі үшін бар күшімді жұмсау мен үшін үлкен мәртебе. Сіздермен, құрметті алматылықтар, біздің қаламызды одан әрі жақсартуға қол жеткізе аламыз деп сенемін».
Әкім сондай-ақ, қаладағы өзекті мәселелерді шешу әрбір тұрғынның мүддесінде екенін және бұл мәселе әкімдіктің жұмысының басты бағыты болып қала беретінін атап өтті. Бұған дейін айтылған барлық бастамалар толық көлемде жүзеге асырылатын болады.