Актобе қаласындағы жаңа көшелерге атау беру мәселесі талқыланды
Актөбе қаласында кейбір көшелерге атау беру жөнінде тыңдау өтті.

Актөбе қаласының мәслихатында халықтың пікірін ескере отырып, жаңа көшелердің атауын беру мәселесі бойынша жұртшылық тыңдауы өтті. Бұл туралы хабарлайды Актобе Таймс.
Өткізу уақыты: 2025 жылғы 22 мамыр, жергілікті уақытпен 10.00. Өткізу орны: «Геолог» мәдениет үйі. Барлық қатысушылар саны: 48 адам. Төрағалық етуші: Тажгулов Даурен Мураткалиевич – Актөбе қалалық мәслихатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму және жастар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі.
Күн тәртібі:
Актөбе қаласы «Алматы» ауданындағы кейбір атауы жоқ көшелерге атау беру.
Қатысушылар:
Алматы ауданы әкімінің орынбасары – Бахыт Айдосов, Актөбе қалалық мәслихат депутаттары, Актөбе қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері, әкімдік өкілдері және аудан тұрғындары. Тыңдалды: Актөбе қаласы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту секторының меңгерушісі Асель Омарова.
Сөз сөйлегендер:
Кирпичный тұрғын алабының тұрғыны Құдайберген Бақберген; Қызылжар тұрғын алабының ардагерлер кеңесінің төрағасы Өсенов Ондасын; Қызылжар-3 тұрғын алабының ардагерлер кеңесінің мүшесі Төлегенов Сайлыбай; Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Кирпичный тұрғын алабының тұрғыны Серікбай Қайдасұлы; Балауса тұрғын алабының ардагерлер кеңесінің төрағасы Қалиұлы Бақыт; Жарық тұрғын алабының тұрғыны Таласова Жанна; Қурайлы тұрғын алабының тұрғыны Бакдаулет Алданазаров; Қалалық мәслихат депутаты Жаналық Ахаш.
«Алматы» ауданындағы кейбір атауы жоқ көшелерге «Мұқас Тұрмұхамбетов», «Нұрмұхан Кенжебаев», «Асанғали Шыңбаев», «Бақи Шанов», «Бисембі Нұрлыбаев», «Шәкір Төлемісов», «Балмұхамбет Мурзалин», «Алтынтөбе», «Әбдуәли Қайдар», «Домалақ ана», «Қасым Қайсенов», «Бәйгеторы» атауларын беру мәселесі бойынша азаматтар дауыс берді: «Қолдаймын» – 48, «Қарсы» – 0, «Құлықсыдым» – 0.
Дауыс беру нәтижелері бойынша қоғамдық тыңдау қатысушылары Актөбе қаласындағы «Алматы» ауданындағы кейбір атауы жоқ көшелерге атау беру ұсынысын қолдады.
Актөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялары шешім қабылдады:
- Актөбе қаласындағы «Алматы» ауданының кейбір атауы жоқ көшелерге атау беру мәселесінде халық пікірін ескеру.
- Актөбе қаласы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының жетекшісі Г. Бисенғалиеваға: Бұл ұсынысты Актөбе қалалық мәслихатының сессиясына енгізу, Актөбе қаласының әкімдігі мен Актөбе қалалық мәслихатының бірлескен қаулысы үшін дайындау.