Аграрлық кредиттік корпорация азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыра бастайды
Аграрлық кредиттік корпорация азық-түлік өндірісін қаржыландырады.

Аграрлық кредиттік корпорация азық-түлік өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыра бастағанын жариялады. 2025 жылға арналған жалпы қаржыландыру көлемі шамамен 44 миллиард теңгені құрайды - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
Қаржыландырудың негізгі мақсаты
Бағдарламаның негізгі мақсаты – кәсіпорындардың айналым капиталын толықтыру үшін жеңілдікті жағдайларда кредиттік қаражатпен қолдау көрсету.
Қаржыландыру шарттары
- Қаржыландыру сомасы – 3 миллиард теңгеге дейін (жобаның бағытына байланысты)
- Заем мерзімі – 2026 жылдың 10 наурызына дейін
- Жылдық сыйақы мөлшері – 5% (ГЭСВ жылдық 5%)
- Залогтық қамтамасыз ету – Аграрлық кредиттік корпорациясының кепілдік саясатына сай келетін мүлік
Кімдер қатыса алады?
Бағдарламаға қатысу үшін кәсіпорындардың негізгі қызметі азық-түлік өнімдерін өндіру мен/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу болуы қажет. Мысалы, ет, сүт, майлы дақылдар, жүн, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем, жарма, макарон және кондитерлік өнімдерді қайта өңдеу.
Жобаның талаптары
Жобалардан қойылатын талаптардың бірі – шикізатты тек отандық өндірушілерден сатып алу.
Қалай өтініш беруге болады?
Тапсырыс беру және қаржыландыру бойынша кеңес алу үшін «Аграрлық кредиттік корпорация» акционерлік қоғамының жақын орналасқан аймақтық филиалында хабарласу қажет. Қосымша ақпаратты Agrocredit.kz сайтынан табуға болады, ал Call center нөмірлері: Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін 5353, Tele 2, Altel үшін 8 775 007 68 07.