Алматыда мотоциклмен 10 метрлік кюветке құлаған жасөспірім құтқарылды

Алматыда мотоциклмен кюветке құлап, құтқарылды.

👁️ 5
Сурет: inalmaty.kz

Бостандық ауданында рейдтік іс-шаралар барысында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жолдан шығып, 10 метрлік кюветке мотоциклмен құлаған жасөспірімді тапты, - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.

Құтқарушылар дереу зардап шеккен адамға төмен түсіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Оны тез арада жедел жәрдем бригадасына тапсырып, эвакуациялады.

Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақтарда жүріп-тұру кезінде қауіпсіздік шараларын қатал сақтау және қорғаныс жабдықтарын қолдану қажеттігін ескертеді.