Алматы әкімінің аппаратын Ерлан Исабеков басқарды
Ерлан Исабеков Алматы әкімінің аппаратына тағайындалды.
👁️ 4

Сурет: inalmaty.kz
Алматы әкімінің аппаратының жетекшісі қызметіне Ерлан Исабеков тағайындалды, - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
Ерлан Шойевич Исабеков Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, АҚШ-тың Джорджтаун университетін «Болашақ» бағдарламасы бойынша тәмамдаған. Ол қолданбалы математика және экономика магистрі дәрежесіне ие.
Еңбек жолы
Исабеков еңбек жолын Алматы қаласындағы № 131 мектеп-лицейінде математика пәнінің мұғалімі болып бастаған.
- 2000-2002 жылдары – Мемлекеттік кірістер министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
- 2002-2008 жылдары – Кедендік бақылау комитетінде қызмет атқарды.
- 2009-2015 жылдары – Республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық қызметтерде болды.
- 2015-2018 жылдары – Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және территориялық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің инспекторы болды.
- 2018-2023 жылдары – Ақмола облысының Егіндікөл ауданында, Жетісу облысының Каратал ауданында әкім болған.
Осы тағайындауға дейін ол Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.