Қазақстан астық жинау бойынша рекорд орнатты
Президент Тоқаев ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне алғыс айтты.
Қазақстанда 26 миллион тоннадан астам астық жиналды, бұл рекордтық көрсеткіш болып табылады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл жетістіктер аграриялардың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткен - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
«Бүгінгі күні егін жинату науқаны аяқталды. Барлық аграрияларға шын жүректен алғысымды білдіремін. Көктемдегі су тасқынына қарамастан, 26 млн тоннадан астам астық жиналды, бұл рекордтық көрсеткіш болып табылады. Әрине, мемлекеттік қолдау көрсетілген нақты көмек бұл нәтижеге жетуге ықпал етті»
Президенттің айтуынша, биылғы жылы көктемгі егіс науқанына арналған жеңілдік несиелерінің көлемі үш есеге артты. Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу үшін қосымша қаржы бөлінді.
«Жалпы, ауыл шаруашылығы саласында 2,6 триллион теңге көлемінде 865 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр»
Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қазақстанның дүниежүзілік азық-түлік нарығындағы рөлін нығайту жоспарын жалғастыратынын атап өтті. Ол бизнес-климатты жақсарту және экономиканы либералдандыру мақсатында мамыр айында шығарылған Жарлығын еске салды. Тоқаевтың сөзінше, үкімет пен әкімдердің басты міндеті – бизнес қоғамдастығына жан-жақты қолдау көрсету, кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатып, конструктивті қарым-қатынас жасау.