Қазақстан мен Словакияның аграрлық ынтымақтастығы артады
Қазақстан мен Словакия аграрлық салада ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлауда.

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Словакия Премьер-министрі Роберт Фицомен кездесу барысында аграрлық салада ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынды. - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
Олжас Бектенов Қазақстанның ауыл шаруашылығында бірлескен кәсіпорындар құру және органикалық өнім өндірісі саласында тәжірибе алмасу арқылы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін айтты.
Сонымен қатар, халықаралық нарықтарға тұрақты қол жеткізуді қамтамасыз ететін тиімді транспорттық-логистикалық маршруттарды дамыту қажеттілігі де атап өтілді.
«Словакия Қазақстанның Еуропалық Одақтағы сенімді серіктесі болып табылады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Республикасымен жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуға ерекше мән береді. Біздің елдердің өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жоғары білікті адами капитал, сондай-ақ географиялық жағдайлары тұрғысынан ортақ мүдделері бар. Бұл Қазақстан-Словакия қатынастарын одан әрі нығайтудың мықты негізі болып табылады».
Өз тарапынан Роберт Фицо Словакияның Қазақстанмен тауар айналымын арттыруға және бірлескен өндірістер құруға да мүдделі екенін атап өтті.
Қазақстан Үкіметінің мәліметіне сәйкес, 2024 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 140 миллион долларды құрап, ағымдағы жылдың 4 айында өзара сауда көлемі 46%-ға артқан. Кездесуде сауда құрылымын әртараптандыру және тауарлар мен қызметтердің номенклатурасын кеңейту бойынша одан әрі шаралардың маңыздылығы атап өтілді.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша премьер-министрлер «Қазақстан – Словакия» бизнес-форумы аясында сөз сөйледі. Олжас Бектенов сөз словакиялық бизнес қоғамдастығының өкілдерін бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды. Экономикалық өсуге ықпал ететін ұзақ мерзімді байланыстарды нығайту үшін ынтымақтастық пен белсенді дамытудың ықтимал бағыттары белгіленді: өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, әскери-өнеркәсіптік кешен және т.б. Су ресурстарын басқару саласындағы тәжірибе алмасу, Қазақстанның серіктестік су бастамасы аясында су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту, қарапайым ирригациялық жүйелерді енгізу және т.б. назарға алынды.