Қазақстан мен Қытайдың астық сапасын анықтау орталығы ашылды
Қазақстан мен Қытайдың астық сапасын анықтау орталығы ашылды.
👁️ 7

Сурет: eldala.kz
18 маусымда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық ғылыми-зерттеу университетінің базасында Қазақстан-Қытай инновациялық астық сапасын анықтау орталығы ашылды. Орталық Солтүстік-Батыс ауылшаруашылық және орман шаруашылығы университетімен (Қытай Халық Республикасы) ынтымақтастықта құрылды, - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
Орталықтың құрылу мақсаты – астық сапасын талдау мен бағалау саласында заманауи технологиялар мен ғылыми әдістерді енгізу, сондай-ақ Қазақстанның аграрлық ғылымы мен экспорттық әлеуетін дамыту.
Орталықтың негізгі қызмет бағыттары:
- астық пен астық өнімдерін жоғары дәлдікте зерттеу жүргізу;
- қытайлық және халықаралық сапа стандарттарын енгізу;
- астық саласы үшін цифрлық шешімдерді дамыту;
- мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру;
- Қазақстандық астық экспортын халықаралық нарықтарға қолдау көрсету.
Орталық Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-техникалық алмасу, бірлескен әзірлемелер мен аграрлық серіктестікті нығайту үшін маңызды алаңға айналады, - деп атап өтті КазАТИУ.