Ақтөбеде «Заң мен тәртіп апталығы» акциясы басталады
Ақтөбеліктер халыққа қызмет көрсететін органдардан көмек ала алады.

Ақтөбеліктерден өтініш қабылдау науқаны 29 маусымға дейін жалғасады. «Ақтөбеде 23-28 маусым аралығында «Заң мен тәртіп апталығы» акциясы өтеді», - деп хабарлайды қала әкімдігіне қарасты баспасөз қызметі Актобе Таймс. - Прокуратура, полиция, экономикалық тергеулер департаменті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың қызметкерлері күн сайын сағат 15:00-те «Керуен Сити» сауда орталығында (М. Маметов көшесі, 4) және «Халықтық кеңсе» ғимаратында (Санкибай батыр проспектi, 249) азаматтарды қабылдайтын болады. Акцияның мақсаты – құқықтық көмек көрсету, мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу тәртіптерін түсіндіру және криминогендік және қоғамдық-саяси жағдайға теріс әсер ететін проблемалық мәселелерді анықтау.
Прокуратура, полиция, экономикалық тергеулер департаменті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың қызметкерлері күн сайын ...