Қазақстанда қанша адам әлі күнге дейін стационарлық телефондарды пайдаланады?
Қазақстандағы стационарлық телефондар: сұраныстың төмендеуі және іскерлік қажеттіліктер үшін болашағы.

Қазақстанда стационарлық телефондарды қолдану үнемі азаюда. Қазіргі уақытта елде 2,3 миллион стационарлық абонент тіркелген, оның ішінде 572 мыңы ауылдық жерлерде тұрады, деп хабарлайды «Kazinform» Халықаралық ақпарат агенттігі.
Мобильді құрылғылар нарықты жаулап алуда
Смартфондар мен мобильді телефондар қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды, олардың саны ел халқының санынан әлдеқайда көп. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, халқы 20 миллионға жуық елде 26 миллион мобильді құрылғы тіркелген.
Ұлттық статистика бюросы ай сайын байланыс операторларының, ұялы және стационарлық байланыс қызметтерінің кірісіне қатысты есептер әзірлейді. Сондай-ақ, қалааралық және халықаралық стационарлық қоңыраулар бойынша кірістер азайып келе жатқанын байқаймыз. Абоненттер бұл қызметтерден бас тартуда. Қазір олардың орнын мессенджерлер басып отыр.
Стационарлық телефондардың болашағы
Жалпы қолданыстың азаюына қарамастан, стационарлық телефондар бизнес саласында және мемлекеттік органдарда өз орнын сақтап келеді. Олар корпоративтік коммуникацияның бір бөлшегіне айналып, мемлекеттік қажеттіліктер үшін тұрақтылық қамтамасыз етеді.
Стационарлық телефондар сақталады, бірақ саны барынша азаяды. Негізінен оларды, әрине, заңды тұлғалар мен мемлекеттік мекемелер қолданады. Мысалы, менде стационарлық телефон бар, бұл арқылы басқа мемлекеттік органдарға қоңырау шаламын. Әкімдіктерде, компанияларда қызметкерлерге стационарлық телефондар орнатылады. Мәселе жаңа технологиялардың пайда болуында. Қазір IP-телефония дейтін ұғым бар: қоңыраулар интернет арқылы жасалады.
Бағасы мен қолжетімділігі
Қазақстанда стационарлық телефондарға арналған тарифтер құны 700-ден 1200 теңгеге дейін өзгереді, ал ауылдық жерлерде олар субсидия есебінен арзанырақ.
Ауылдық жерде бағалар төмен — ауыл абоненттері субсидияланады.
Ең басты мәселе — стационарлық телефондар жаппай тұтыну тауарынан шығып барады, алайда кәсіби салада өз маңызын сақтап отыр. Ал телефон анықтамалықтары, керісінше, тұтас дәуірдің куәсі ретінде тарих қойнауында қалды.