Қазақ тілін үйрену құны қандай?
Қазақстанда мемлекеттік тілін үйрену үшін қандай шығындар қажет?
Қазақстанда қазақ тілін үйренудің бірнеше нұсқасы бар. Алайда, әр таңдаудың өзіндік шығындары мен мүмкіндіктері бар - деп хабарлайды ranking.kz.
Тегін курстар
Алдымен, кейбір ірі қалаларда мемлекеттік тіл курстары тегін өткізіледі. Оларды мемлекет қаржыландырады, әрі көбінесе кітапханалар мен мемлекеттік тіл орталықтарында ұйымдастырылады.
Топтық оқыту
Келесі нұсқа - топтық курстар. Мысалы, Алматы қаласында 12 сабақтан тұратын курс 15 мың теңгеден басталады, орташа айлық абонемент 20 мың теңге, ал ең жоғарғы баға 32 мың теңге.
Жеке репетиторлар
Үшінші нұсқа - жеке репетиторлармен сабақ алу. Онлайн форматта 1,1 мың теңгеден басталып, офлайн форматта 2,5 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін.
Тіл деңгейі
Социологиялық зерттеулер көрсеткендей, 2023 жылы халықтың 81% қазақ тілін біледі, алайда олардың тек 48,7% ғана еркін сөйлейді.
Қазақстан халқының 90,5% орыс тілін, 29% ағылшын тілін меңгерген.
Тіл саясатының болашағы
Мемлекеттік тілді дамыту бойынша 2023-2029 жылдарға арналған концепция қабылданды. Концепцияда тіл меңгеру деңгейі мен жазудың кириллицадан латиницаға ауысу мерзімі белгіленген.