КТЖ дәнді жүк тасымалдауды қайта бастады

КТЖ Ақтау теңіз портына жүк тиеуді қайта бастады.

👁️ 12
Сурет: eldala.kz

Компания КТЖ «Морской порт Актау» бағытына дәнді жүк тиеуге тыйымды алып тастады. 16 қарашадан бастап тиеу рұқсат етілді. - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.

Тыйым 5-20 қараша аралығында «Ақтаулық теңіз солтүстік терминал» және «Ақ Бидай терминалында» енгізілген болатын. Бұған себеп - аталмыш бағыттағы жүк тиелген вагондардың жинақталуы, сондай-ақ терминалдарда дән сақтау үшін бос орындардың жоқтығы. Сонымен қатар, КТЖ жағдайдың қалыпқа келетініне байланысты тыйымның белгіленген мерзімнен бұрын алынуы мүмкін екендігін ескерткен.

Аталмыш кезеңде Ақтау теңіз порты арқылы Иранға арпа тиеу белсенді түрде жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн.