Алматыда орташа жалақы мен инвестициялар ұлғайды
Алматыда орташа айлық жалақы 15,5%-ға өсті.
👁️ 7
Сурет: inalmaty.kz
Алматыдағы орташа айлық жалақы 15,5%-ға артты, деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдегендей, жылдық инфляция тамыз айындағы 8,6%-дан қыркүйек айында 8,3%-ға дейін төмендеген. Бұл азық-түлік тауарларының 7,7%-ға, ал азық-түлік емес тауарлардың 5,6%-ға өсуінің баяулауының нәтижесі.
Ағымдағы экономикалық жағдай
- 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында номиналды ақша табыстары 22%-ға, 292 мың теңгеге дейін артты;
- Республика бойынша 9,2%-ға, 201,1 мың теңгеге дейін өсті;
- Реалды мәнде өсім 11,6% болды; Республика бойынша бұл көрсеткіш 0,3% құрады.
Жалақы мен инвестициялар
Орташа айлық жалақы 468 мың теңгені құраса, республика бойынша бұл көрсеткіш 392,6 мың теңге болды. Номиналды жалақы 15,5%-ға, ал реалды жалақы 5,7%-ға өсті.
«Алматыда жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отыр. 2024 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2 триллион теңгеге дейін артады».
2024 жылдың 9 айында 50,5 мың жұмыс орны құрылып, олардың 77,9%-ы тұрақты. Соның нәтижесінде, жеке инвестициялар 8%-ға өсіп, 1 триллион теңгеге таяу артты.