IT мамандарының жалақысы неге өсіп жатыр?

Қазақстанда IT мамандарының жалақысы бірнеше жылдан бері тұрақты өсіп келеді.

👁️ 242
Сурет: shutterstock.com

Қазақстандағы ақпарат және байланыс саласындағы жалдамалы қызметкерлердің орташа жалақысы соңғы бірнеше жылда 1,5 есеге артты. 2019 жылы ол 262,3 мың теңге болған, ал 2024 жылдың маусымында 657,4 мың теңгеге дейін жетті - деп хабарлайды ranking.kz.

Жалақы құрылымы

“Компьютерлік бағдарлама жасау, консалтинг және ілеспе қызметтер” санатында 14,1% қызметкерлердің жалақысы 250 мың теңгеге дейін, 40,8% - 400 мың теңгеден 700 мың теңгеге дейін, ал 45,1% - 700 мың теңгеден жоғары. 1 миллион теңгеден астам жалақы алатын IT мамандарының жалпы саны 2,1 мың адамды, ал 1,5 миллион теңгеден жоғары жалақы алатындары 2,5 мың адамды құрайды. “Миллионерлер” үлесі 31,5% - ды құрайды.

IT мамандарының өсуі

Бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникация технологиялары саласындағы жұмысшылар саны соңғы бірнеше жылда үш есе артты. 2019 жылы елімізде 5,8 мың IT маманы қызмет етсе, 2024 жылдың шілде айында бұл сан 17 мыңнан асып отыр.

Сектордағы ауысулар

IT саласында кадрлардың ауысуы орын алуда, бірақ ол төмен деңгейде болып, жаңа мамандардың қабылдануымен өтеледі. Мысалы, 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында сектордан 3 мыңнан астам маман кетсе, 3,9 мың адам жұмысқа қабылданды.

Білім беру ұйымдарының рөлі

Бұл мамандықтар нарығының өсуін колледждер мен жоғары оқу орындары қолдап келеді. Соңғы екі жылда “Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар” бағыты бойынша диплом алған студенттер саны 35% - ға, 8 мыңнан 10,8 мыңға дейін өсті.

Image 1