Алматы тұрғындарына терезелерді жабу және үйден шықпау ұсынылады

Алматыда ауа-райындағы қауіпті жағдайларды болдырмау үшін сақтық шаралары қолға алынды.

👁️ 13
Сурет: inalmaty.kz

Алматыдағы Төтенше жағдайлар департаменті «Казгидромет» мәліметтеріне сүйене отырып, 16 желтоқсанға қараған түнде қалада күшті қар, тұман және көктайғақ болатынын хабарлады. 15 желтоқсанда қалада желдің жылдамдығы 15 метр секундқа дейін жетуі мүмкін - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.

Кауіпсіз болу үшін кеңестер

Төтенше жағдайлар қызметі қала тұрғындарына төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:

  • Машиналарды ағаштардың астында қалдырмаңыз.
  • Шторм кезінде ғимараттан шығуды шектеу ұсынылады.
  • Үйде болсаңыз, терезелер мен есіктерді мықтап жабыңыз.
  • Аулаларда, ашық балкондар мен лоджияларда мүлікті жинап, қауіпсіз жерге орналастырыңыз.
  • Көшеде болсаңыз, жақын жердегі подъезде немесе дүкенде баспана табыңыз.
  • Жарнама тақтайшаларының, ағаштардың және аяқталмаған ғимараттардың астында жасыныз.
  • Электр тармақтарының астында тұру немесе үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті.