Алматыда президент сапарына байланысты жол қозғалысына шектеулер енгізілді

Алматы полициясы тұрғындарға жол қозғалысына байланысты шектеулер туралы хабарлады.

👁️ 6
Сурет: inalmaty.kz

Полиция Алматыдағы тұрғындарды хабардар етті. «Гвинея – Бисау Республикасының Президенті Умару Эмбалоның Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында 19-20 желтоқсан күндері жол қозғалысына ішінара шектеулер енгізілетіні туралы хабарлаймыз»,- деп мәлімдеді полиция.

Жол қозғалысына енгізілген шектеулер қоғамдық көлiкке әсер етпейді. Тұрғындарды уақытша шараларға түсіністікпен қарауға және кептеліс жағдайларын болдырмау үшін маршруттарын алдын ала жоспарлауға шақырады - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.