Жасанды интеллект роботтар адамдарды жұмыссыз қалдыра ма?

Автокөлік өндірісінде роботтар көптеп енуде

👁️ 16
Сурет: kolesa.kz

Ғылыми-техникалық прогресс жұртшылықты жұмыссыз қалдыруы мүмкін. Біздің өмірімізге енген құлтемірлер шаруамызға араласып, олардың қызмет көрсетуі қарқын алып келеді. Наурыз айынан бастап, Гуанчжоудағы GAC-Honda бірлескен кәсіпорнының зауытында батареялы Honda P7 кроссоверін құрастырушы қызметкерлердің 30%-ын жасанды интеллект басқарған роботтар алмастырды, деп хабарлайды Nikkei Asia.

Электр машиналарының құрылымы дәстүрлі автокөліктермен салыстырғанда, әлдеқайда оңай. Сондықтан, автоматтандырылған платформалар арқылы шанақ дәнекерлеу және қоймадан компоненттерді тасымалдау мүмкіндігі артты. Бұл – өндіріс шығындарын азайтуға бағытталған маңызды қадам.

Роботтар өндірісте қалай қолданылады?

Казіргі автоконцерндер өндіріс процесіне жаппай роботтарды тартуда. Олар бастапқыда конвейердегі мамандарға көмекші ретінде пайдаланылады, бірақ болашақта адамдардың орнын алмастыруы да ықтимал.

Робототехника автосервис саласына да еніп кетті.
  • Америкадағы кейбір сервистік бекеттерде көлік дөңгелегін робот ауыстыруда.
  • Бұл үрдіс, жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін пайдалануды жылдамдатуда.

Автокөлік өндірісінің автоматтандырылуы – бұл прогресс, бірақ адамның орнына технологияның келуінен туындайтын мәселелерді де ескеру қажет.