15 жастағы қыздан ақша бопсалағандарға заңды жауапкершілік тағайындалды

Алматы облысында 15 жастағы оқушы қыздан ақша бопсалаған жасөспірімдердің ата-анасы жауапкершілікке тартылды.

👁️ 20
Сурет: inalmaty.kz

Алматы облысында 15 жастағы оқушы қыздан ақша талап еткен жасөспірімдердің ата-анасы анықталып, жауапқа тартылды. - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.

Департаменттің мәліметіне сәйкес, полиция тергеу барысында жасөспірім қыздардың құрбысына психологиялық қысым көрсетіп, ақша талап еткендерін анықтады.

Осыған байланысты, полиция балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін ата-аналарына құқықтық жауапкершілік жүктеген.

Бұл оқиға Қарасай ауданындағы учаскелік полиция бөлімінде тіркеліп, іс материалдары сотқа жіберілді.