Алматыда 21 жастағы қыздан 21 сантиметрлік киста алынды

Алматыда 21 жастағы қыздың денесінен 21 см-лік киста алынды.

👁️ 23
Сурет: inalmaty.kz

Операция кіші жамбас аймағында жүргізілді. Полиптың көлемі бала басымен бірдей болды - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.

Алматы қаласындағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауы бойынша, 21 жастағы науқас «пресакральды киста» диагнозымен Түркістан облысынан келген. Киста науқастың табиғи жолмен зәр шығаруын қиындатып, жас қыздың тік ішек аймағында тұрақты дискомфорт тудырған.

«Пресакральды киста — бұл крест аймағы мен тік ішектің арасында орналасқан аномальды қуыс немесе қалта. Мұндай патология өте сирек кездеседі, 40 мың тұрғынға 1 науқас келеді. Әдетте, пресакральды киста 2 сантиметрден жоғары және одан үлкен өлшемдермен МРТ немесе аурухана ультрадыбыстық зерттеу кезінде анықталады, ал бұл жағдайда киста аномальды үлкен болды», — деді хирург-колопроктолог Марат Каленбаев.

Маман киста операцияланбаса, оның асқынулары, мысалы, параректальды клетчатканың іріңдеуі, тік ішектің свищтерінің пайда болуы, зәр шығару мен дефекация функциясының бұзылуы сияқты қауіптіліктерге жол беретінін атап өтті.

  • Науқасқа пресакральды аймақта, анокопчик байлауын кесу арқылы операция жасалды.
  • Дәрігерлер кистаны бірден алып тастауға қол жеткізді.
  • Қыз қазіргі уақытта ауруханадан шығарылуға дайындалып жатыр.