Актобеде аялдамаларды жаңарту жұмыстары басталды
Актобе қаласында ескірген павильондарды жаңарту жоспарлануда.
Ескірген және зақымданған павильондар жаңартылып, қазіргі таңда 56 жаңа павильон орнату жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды Актобе Таймс.
ТОО «ПК МТС» мамандары жылдың соңына дейін қаладағы 56 павильонды ауыстыруды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда 20-дан астам павильонның монтажы басталып кетті. Орнатылатын аялдамалардың арасында «Гуманитарлық колледж», «Мәдениет үйі», «Электрон», «Облыс әкімдігі», «БСМП», «Аманат», «Балалар стоматологиясы», «№7 емхана», «Шыгыс», «Гипер-Анвар», «Табыс», «Баишева» және «АСМК Әз Наурыз» атты аялдамалар бар. Қала әкімдігінің мәліметінше, металл каркастардың қойылу жұмыстары аяқталу сатысында тұр. Ал, келесі кезеңде көпқабатты шыны орнату жұмыстары жүргізіледі.
«Жаңартылған аялдамаларда қоқыс жәшіктері, аялдамалардың атауларымен тақтайшалар, Lightbox (жарықпен жарнамалық буклет) және жарықтандыру орнатылады. Аялдамаларды жаңарту жұмыстары келесі жылы да жалғасады. 100-ден астам аялдаманы модернизациялау жоспарланған» - деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.