Еуропа мен Қазақстандағы фермерлердің септориозбен күресі
Мақалада Еуропа мен Қазақстандағы фермерлердің қиындықтары баяндалады.

Септориоздың жаңа деңгейде дамуымен биыл көптеген еуропалық аграрлық өңірлер бетпе-бет келді. Оның себебі - аномалды ылғалдылық, жауын-шашын мен су басу жағдайлары. - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
Еуропадағы жағдай
Су басқан топырақ өсімдіктердің тыныс алуына кедергі келтіретін жағдайлар туындатып, тамырлардың қоректік заттарды сіңіру қабілетін төмендетті. Ал үстінде саңырауқұлақ ауруларының дамуына идеалды жағдай қалыптасты.
- Биыл пшеницаның аурушаңдық деңгейі Германияның көптеген өңірлерінде, әсіресе Баварияда, жоғары болды.
- Фермерлердің бәрі мәселені шешуге дайын болмады, бұл нәтижесінде астықтың күрт жоғалуына әкелді.
Келесі жылға сабақтар
2024 жылы алынған тәжірибе келесі маусымда қайталануға жол бермеу үшін қажет.
- Септориоздың даму жылдамдығы өте жоғары болды, ауру өсімдіктердің алғашқы кезеңдерінде-ақ пайда бола бастады.
- Кемінде екі рет өңдеу қажеттілігі туындады, себебі бір ғана өңдеу ауруды тежеуге жеткіліксіз болды.
Қазақстандағы жағдай
Қазақстанда да фермерлер биыл дәл осындай жағдаймен кездесті. Көктемде су басу жағдайлары орын алып, мамыр айында жауын-шашынның жиі болуы кейбір учаскелердің суға толуына себеп болды.
Жердің ылғалдылығы соншалық, техникалар уақытында егіс алаңдарына фунгицидттік өңдеуге шыға алмады.
Бірақ бір ғана өңдеуді жүргізе алған фермерлер ржавеци ауруының үздіксіз дамуына тап болды, және бір өңдеу жеткіліксіз болды. Тек кемінде екі рет өңдеу жасаған фермерлер пшеницаның көлемі мен сапасын сақтап қала алды.
Келесі аграрлық маусым Қазақстанда қалай өтетіні белгісіз. Себебі елімізде әр маусым бір-бірінен ерекшеленеді, және артық ылғал экстрималды ыстық пен құрғақшылыққа ауысуы мүмкін. Сондықтан фермерлер кез келген жағдайға дайын болу үшін өз алқаптарын табиғаттың тосын мінездерінен уақытында қорғауға әзірленуі керек.