Джон Джонс мансабын аяқтады, Том Аспиналл – жаңа UFC чемпионы

Джон Джонстың спорттық мансабы аяқталды

👁️ 9
Сурет: fighttime

Джон Джонс UFC ауыр салмақтағы чемпионын атағын жоғалтты. Том Аспиналл енді толыққанды чемпион ретінде танылды, хабарлайды fighttime.ru.

«Джон Джонс өткен түнде бізге хабарласып, отставкаға кетті. Ол ресми түрде мансабын аяқтады. Том Аспиналл – UFC ауыр салмақтағы чемпион»
— Дана Уайт.

Бұған дейін Джон Джонс 2023 жылдың наурызында Сирил Ганмен өткен жекпе-жекте гильотина әдісімен жеңіске жетіп, ауыр салмақтағы вакантты титулды иеленген болатын. Кейін ол Стипе Миочичпен жекпе-жекте белбеуді қорғап, техникалық нокаутпен жеңіске жетті, бірақ осы уақытқа дейін Аспиналл уақытша титулды иеленіп үлгерген еді.

Джон Джонс жоспарланған жекпе-жектен бас тартқан кезде, Аспиналл Күрт Блейдсты нокаутпен жеңіп, титулын қорғап шықты. Аспиналл соңғы кездері дивизионның нағыз чемпионы ретінде өзін көрсетіп, Джонды мансабын аяқтаумен құттықтады.

«Мен Джонға берген уақытым үшін өкінемін бе? Слушайте, егер спорттағы жетістігіне қарасаңыз – жоқ, өкінбеймін. Не болған болса, сол болды»
— Дана Уайт.

Уайт Аспиналлдың келесі қарсыласы кім болатынын нақтыламағанымен, дивизиондағы бірінші орынға көтерілген Сирил Ган маңыздылардың бірі болып табылады.