Алматыда велосипед жалға беру жүйесі жабылады
Алматыда «Almaty Bike» қызметі тоқтатылды.
👁️ 10
Сурет: inalmaty.kz
Алматы қаласындағы «Almaty Bike» қызметі 2024 жылдан бастап жұмысын тоқтатады. Бұдан былай абонементтер ұзартылмайды, ал 2025 жылы механикалық велосипедтерді жалға беру бойынша қызмет көрсету қаржыландыруының жоқтығы да белгілі болды - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
- «Арман Аймағы» қоғамдық қоры пайдаланушылардың келісімді тоқтату туралы хабарлады.
- Қызметтер көрсетілмеген жағдайда, абонементтер үшін ақша қайтару жүргізіледі.
- Ақша қайтару 2023 жылғы 16 желтоқсанға дейін абонеметтері бар пайдаланушылар үшін жүзеге асырылатын болады.
Ақша қайтару тәртібі
Пайдаланылмаған ақша қаражатын қайтару үшін абоненттерге мынадай қадамдарды орындау қажет:
- Қайтару рәсімін 2025 жылғы 29 наурызға дейін жүргізу.
- Барлық сұрақтар бойынша электрондық поштаға хат жазу: [email protected].
- 29 наурыз 2025 күнінен кейін өтініш бермеген жағдайда, пайдаланушы келісімді тоқтатуға келісімді деп есептеледі.