Алматыда тегін мұз айдыны ашылды
Алматыда Президент саябағы жанындағы тегін мұз айдыны ашылды.
👁️ 25
Сурет: inalmaty.kz
Алматыда Президент саябағының маңында тегін мұз айдыны ашылды. Ол күн сайын сағат 23:00-ге дейін жұмыс істейді, - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
- Мұз айдынында конькиді қажет болған жағдайда 10:00-22:00 аралығында жалға алып пайдалануға болады.
- Қала тұрғындары мен қонақтарын үлкен ақ аюлар мен пингвиндер қарсы алады.
- Сондай-ақ, 20 метрлік әдемі шырша орнатылған.
Бұған дейін біз мұз айдыны үшін конькиді қалай дұрыс таңдау керектігі туралы жазған болатынбыз.