Неліктен әлем бойынша көміртегі шығарындылары артып жатыр?
2023 жылы әлемде көміртегі шығарындыларының өсуі туралы ақпарат.
Энергетикалық сектор парник газдарының шығарындыларында маңызды рөл атқарады, себебі мұнда негізінен мұнай мен көмір сияқты қазба отындары қолданылады. Шығарындылардың көлеміне энергия өндірісі, факелдердің жануы, өндірістік процестер, қазба отындарының көлікпен тасымалдануы және бөлінуі де кіреді.
Қазақстанда энергия өндірісінен шыққан көміртегі көлемі 11,2%-ға өсіп, 277,5 миллионнан 308,7 миллион тонна CO₂ эквивалентіне жетті, бұл рекордтық көрсеткіш болып табылады.
- 2023 жылы көміртегі шығарындыларының шамамен үштен бір бөлігі Қытайдың үлесіне тиіп отыр: 12,6 миллиард тонна CO₂ эквиваленті. Бұл көлем Батыс жартышар мен Еуропаның жиынтық көрсеткішінен асып түседі.
- Аталған жоғары көрсеткіштің себебі — халық санының көптігі және көмір мен мұнайға деген тәуелділік.
- Қытайда жаңартылатын энергия көздеріне инвестицияларға қарамастан, 2023 жылы көміртегі шығарындылары 2022 жылмен салыстырғанда 6%-ға өсті.
Басқа мемлекеттердегі жағдай
2023 жылы екінші орын алатын мемлекет АҚШ-тың көміртегі шығарындылары 5,1 миллиард тонна CO₂ эквивалентін құрады. Үшінші орынға шыққан Үндістан 3,1 миллиард тонна CO₂ шығарып, көмір өндірісін арттыруға ниетті, 2030 жылға қарай көмір өндіруді 1,57 миллиард тоннаға дейін екі есе көбейтуді жоспарлап отыр. 2023 жылы көмір Үндістанда энергия тұтынудың 56%-ын құрады.
Халықаралық энергетикалық агенттігінің болжамы бойынша, 2030 жылға қарай Үндістанның әлемдегі көміртегі шығарындыларының үлесі 10%-ға дейін өседі, бұл 2023 жылы 7,7%-ды құрады.