Алматыда алдағы үш күнде жаңбыр болмайды

Алматыдағы ауа-райы туралы соңғы мәліметтер.

👁️ 34
Сурет: inalmaty.kz

Алматыда алдағы үш күнде жаңбыр болмайды, деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.

Синоптиктердің хабарлауынша, 15 қаңтарда ауа райы айнымалы бұлттылығымен, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы оңтүстік-шығыстан 2-7 метр секундына дейін жетеді.

  • Температура түнде -4-6 °C, күндіз +4-6 °C болмақ.

16-17 қаңтарда да ауа-райы айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз қалыптасады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 2-7 метр секундына дейін болады.

  • Температура түнде -3-5 °C, күндіз +4-6 °C құрайды.