Қазақстанның қолдауымен Ауғанстанда бидай өсіру жобасы басталды
Қазақстан Ауғанстанның бидай өсіруіне көмек көрсетуде.
Ислам ұйымының ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған Agri жобасы іске асырылуда. Бұл жоба Қазақстан үкіметінің қолдауымен батыс Ауғанстандағы фермерлерге бидай өсірудегі көмек көрсетуге бағытталған - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
Жоба 2023 жылы залал шеккен Зиндеджан провинциясындағы ауыл шаруашылығын қайта қалпына келтіруге көмектеседі. Бұл бастама Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігімен (TIKA) бірлесіп жүзеге асырылуда.
- Жоба 300 фермерді қамтиды;
- Фермерлер 15 тонна Чонт сортты бидайдың жақсартылған тұқымын алады;
- 15 тонна DAP тыңайтқышы мен 30 тонна мочевина таратылады;
- Екі трактор, екі комбайн, төрт плуг және басқа да техника беріледі.
«Қазақстанның бұл қолдауы халықаралық бірліктің маңызды екенін және Ауғанстандағы ауыл шаруашылығының ұзақ мерзімді дамуына үлес қосуға деген ниетін көрсетеді», - деп атап өтті ИОПБ.
Бұл жоба 2021 жылдың желтоқсанында Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай бойынша 17-ші Төтенше Сыртқы істер министрлерінің кеңесі нәтижесінде қолға алынған Ауғанстанның азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасының (AFSP) бір бөлігі болып табылады. Қазақстан жобаны жүзеге асыру үшін қаржы мен ресурстарды қамтамасыз ету арқылы басты донорлардың бірі болып табылады.
ИОПБ-те атап өткендей, батыс Ауғанстандағы жоба тек бір реттік көмекпен шектелмейді, ауыл шаруашылығы секторын ұзақ мерзімді дамытуға бағытталған. Қазақстан фермерлерді оқыту бағдарламаларын өткізу арқылы жобаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмек көрсетуді жалғастыруда. 2025 жылға дейін жеміс жинаудан кейінгі шығындарды азайту және тұқым сақтау жүйесін енгізу жоспарланған.