Қазақстанда күріш қабығынан кремний-көміртекті нанокомпозит шығарылуда
Қазақстанда жаңартылатын шикізат негізінде жаңа өнім шығарылады.
👁️ 23
Сурет: eldala.kz
Қазақстанда күріш қабығынан кремний-көміртекті нанокомпозит өндірісінің алғашқы кезеңі іске қосылды. Бұл жоба минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығының қолдауымен Ғылым қоры тарапынан жүзеге асырылып жатыр - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
Жоба жетекшісі Юрий Сухарниковтың айтуынша, күріш қабығы күріш өндірудің қалдығы болып табылады. Өндірістің қуаттылығы жылына 1500 тонна полифункционалды кремний-көміртекті материалды құрайды.
«Күріштің массасының 20%-ын құрайтын күріш қабығы - көмір мен кремнийдің маңызды элементтері арқасында жаңартылатын шикізат болып табылады. Біз осы материалдың табиғи артықшылықтарын пайдалана отырып, полифункционалды кремний-көміртекті нанокомпозит алу үшін қайта өңдеу технологиясын әзірледік. Бұл материал резинотехникалық өнімдер мен үйкеліс материалдары үшін толтырғыш ретінде, сондай-ақ кремний мен ферросплавтарды алу үшін шикізат ретінде пайдаланылуы мүмкін. Сондай-ақ, оны ауыл шаруашылығында қолдану мүмкіндігі бар», - деп атап өтті жоба жетекшісі.