Алматыдағы ауа райы: үш күндік болжам

Алматы қаласының ауа райы туралы синоптиктердің мәліметтері.

👁️ 5
Сурет: inalmaty.kz

Синоптиктер Алматыдағы ауа райының келесі үш күнге арналған болжамын жариялады. 25 қаңтарда қалада өзгермелі бұлттылық күтіледі, жауын-шашын болмайды - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.

25 қаңтар

  • Өзгермелі бұлттылық, жауын-шашын болмайды.
  • Түнде және таңертең тұман болады.
  • Жел: оңтүстік-шығыстан, 2-7 м/с.
  • Температура: түнде 16-18°, күндіз 3-5° аяз.

26 қаңтар

  • Өзгермелі бұлттылық, жауын-шашын болмайды.
  • Түнде және таңертең тұман, жолдарда тайғақ болады.
  • Жел: 0-5 м/с.
  • Температура: түнде 11-13°, күндіз 0-2° аяз.

27 қаңтар

  • Өзгермелі бұлттылық, жауын-шашын болмайды.
  • Түнде және таңертең тұман, жолдарда тайғақ болады.
  • Жел: 0-5 м/с.
  • Температура: түнде 7-9° аяз, күндіз 0-2° жылу.