Алматыда әкімшілік ғимаратта өрт шықты

Алматы қаласындағы әкімшілік ғимаратта өрт шыққан.

👁️ 53
Сурет: inalmaty.kz

Ауэзов және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы әкімшілік ғимараттың шатырында өрт шықты, деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.

27 қаңтар күні сағат 22:01-де Ауэзов көшесі, 33/35 мекенжайындағы үш қабатты әкімшілік ғимаратта өрт шықты. Ведомство хабарлағандай, өрт сөндірушілер оқиға орнына жетті.

  • Өртті сөндіру шараларын өткізу үшін жоғары дәрежедегі күш жұмылдырылды.
  • Өрттің аумағы әлі нақты анықталмаған.
  • Газдан және түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері адамдардың бар-жоғын анықтау үшін барлау жұмыстарын жүргізуде.
  • Өрттің көрші ғимаратқа таралу қаупі сейілді.
  • 22:33-те өртті оқшаулауға қол жеткізілді.