Алматыда республикалық референдум күні инватакси қызметі жұмыс істейді
Алматыда республикалық референдум күні инватакси қызметі жұмыс істейді.
👁️ 13
Сурет: inalmaty.kz
Алматыда республикалық референдум күні инватакси қызмет көрсетеді. Бұл қызмет мүгедектігі бар, арбаға отыратын азаматтарға және қозғалыс аппаратында бұзылуы бар адамдарға, сондай-ақ көру қабілеті бұзылған азаматтарға арналған - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
Инватакси қызметін қалай алуға болады?
Инватакси қызметін арнайы диспетчерлік қызметтер арқылы тапсырыс беруге болады:
- Арбаға отыратын мүгедектігі бар азаматтар: +7 747 402 6415, +7 707 710 6050 (WhatsApp);
- Көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар: +7 705 980 87 09, +7 705 831 48 14.
Қосымша қызметтердің ұйымдастырылуы
Референдум күні 20 дежурлық автокөлік ұйымдастырылып, аз қозғалатын азаматтарға транспорттық қызмет көрсетіледі. Оларды 338-30-09 нөмірі арқылы шақыруға болады.