Көлсай көлдеріндегі сирек кездесетін жануарлар туралы ерекше фотосуреттер
Көлсай көлдерінде сирек кездесетін жануарлардың фотосуреттері жарияланды.
👁️ 59

Сурет: inalmaty.kz
«Көлсай көлдері» ұлттық паркінде фототұзаққа Қызыл кітапқа енген жануарлар - қар барысы мен түркестан мысығы түскен. -деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
Алғашқы кадрда қар барысы Тянь-Шаньның қармен жабылған беткейлері бойымен еркін жүреді. Екінші кадрда түркестан мысығы үш күшігімен табиғи тіршілік ортасында.
«Бұл ерекше кадрлар – Қазақстанның ең көркем жерлерінің бірінде табиғатты зерттеу мен қорғау жұмыстарының нәтижесі»,- деп атап өтті «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде.