Ерекше Rolls-Royce Silver Shadow сатылымда
Ұлыбританиядағы ерекше көлік жайлы ақпарат

Ұлыбританияда ерекше Rolls-Royce Silver Shadow сатылып жатыр. Сырттай классикалық "Дакар" ралли-марафонына қатысуға дайын секілді көрінеді. Иесі бұл көлікті 1981 жылы жарысқа шыққан ең танымал жол талғамайтын Rolls-Royce-қа қарап жасаған сияқты. Ол Jules деп аталады.
Jules-тің экстерьері Rolls-Royce Corniche-ке ұқсас болғанымен, ол Toyota Land Cruiser BJ45 шассиіне орнатылған құбыр тәрізді каркастан тұрады. Шанақ панельдері шыныпластиктен жасалған және Corvette-тің 350 ат күшіне ие V8 моторымен жабдықталған. Саудаға шыққан Silver Shadow болса, түпнұсқа Rolls-Royce шанағына негізделген, бірақ техникалық жағынан британиялық автөнеркәсіпке еш қатысы жоқ.

Автомобиль 2007 жылғы Mitsubishi L200-дің рамасын алған, 180 ат күші бар 2.5 литрлік турбодизель де қалыпты. Ол автоматпен және фирмалық толық жетек жүйесімен жұптаса жұмыс істейді. Хабарландыруда машина жанармай құймай 2000 шақырым еңсере алады деп жазылған.
Көлік "жұмыс істесе болды" деген қағидамен жасалғандай әсер қалдырады, себебі салоны әлі толық жиналмаған. Алдыңғы орындықтардың арасындағы бұрынғы автомат қорабының тұтқасы, шашылып жатқан сымдар және аяқ жақтағы L200-дің аспаптар панелі көзге түседі.
Иесі қайта жабдықтауға 30 000 фунт жұмсапты, содан бері Rolls-Royce Silver Shadow небәрі 2000 км жүрген, ал шанағы 160 000 шақырымды артта қалдырыпты. Ерекше седан 18 995 фунт (13.2 млн теңгеге жуық) тұрады.