Ауа райының нашарлауы: Қазақстандағы жолдар жабылды
Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты жол қозғалысы шектелді.
👁️ 2
Сурет: inalmaty.kz
Бүгін, 2 ақпан күні, сағат 16:00-де ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше республикалық автожолдарда барлық түрдегі көлік құралдарына қозғалыс шектеулері енгізілді. - деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
Шектеулер енгізілген жол учаскелері
- Абай облысында:
- Үржар – Семей (103-198 км) автожолының учаскесі;
- Семей – Шығыс Қазақстан облысының шекарасы.
- Шығыс Қазақстан облысында:
- Үржар – Семей (10-103 км) автожолының учаскесі, Герасимовка селосы – Абай облысының шекарасы;
- Алматы – Талдыкорған – Үржар – Шемонаиха – Ресей шекарасы (1125-1191 км), Предгорное селосы – Шемонаиха;
- Алматы – Талдыкорған – Үржар – Шемонаиха – Ресей шекарасы (1194-1212 км), Шемонаиха – Ресей шекарасы.
Жол қозғалысының ашылу уақыты
Жол қозғалысының қайта ашылу уақыты 3 ақпан 2025 жыл, сағат 6:00-ге жоспарланған.