КазАгроФинанс 3 жаңа лизинг бағдарламасын ұсынады
КазАгроФинанс 20 ақпаннан бастап жаңа лизинг бағдарламаларын іске қосады.

КазАгроФинанс 20 ақпаннан бастап үш жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдай бастайды. Барлығы осы мақсатқа 10,5 миллиард теңге бөлініп, жылдық мөлшерлемесі 6% болып белгіленген - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
Бағдарламалардың сипаттамасы
- «Өз өнімдеріміз» - 3 миллиард теңге;
- «Қазақстанда шығарылған» - 5 миллиард теңге;
- «Жеңілдетілген лизинг 6% мөлшерлемемен» - 2,5 миллиард теңге.
«Қазақстанда шығарылған» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы өндірісінің қызметкерлері навесной, прицепной және самоходная ауыл шаруашылық техникаларын, сондай-ақ, отандық өндіріс және құрастыру транспорттық құралдарын 6% жылдық мөлшерлемемен, 10 жылға дейінгі мерзімге сатып ала алады. Аванс 15%-дан басталады.
«Өз өнімдеріміз» бағдарламасы азық дайындау техникасын және Қазақстан мен шетелдерде шығарылған мобильді суару жүйелерін қаржыландыруға арналған. Бұл бағдарламада да мөлшерлеме 6% жылдық болып, 10 жылға дейінгі мерзімге, аванс 15%-дан кем болмауы тиіс.
«Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы фермерлерге отандық өндіріс/құрастырудағы самоходная ауыл шаруашылық техникасын аванссыз, 10 жылға дейінгі мерзімде, 6% мөлшерлемемен сатып алуға мүмкіндік береді.
«Жеңілдетілген лизинг бағдарламалары біздің клиенттер арасында жоғары сұранысқа ие. Сондықтан, бос ақша қаражаты пайда болған сәтте, біз оларды осы үш лизинг бағдарламасына - «Қазақстанда шығарылған», «Өз өнімдеріміз» және «Жеңілдетілген лизинг» бағыттауға шешім қабылдадық. Қазіргі уақытта алдағы егіс науқанына дайындалып бастау үшін тамаша уақыт», - деді «КазАгроФинанс» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Еркебулан Жумжаев.
Қаржыландыруға өтінімдер 20 ақпанда сағат 15:00-де КАФ Telegram-боты арқылы қабылданады. Өтінімді тапсырғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде КазАгроФинанс филиалына толық құжаттар пакетін ұсыну қажет.