«Даму» қорының жаңа басшысы тағайындалды
Фархат Сарсекеев «Даму» қорының жаңа басшысы болып тағайындалды.
👁️ 34

Сурет: eldala.kz
Фархат Сарсекеев «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басшысы болып тағайындалды. Жаңа басқарма төрағасын қор ұжымына «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы таныстырды - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
Фархат Сарсекеевтің өмірбаяны
- 1984 жылы дүниеге келген.
- К.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті мен Қазақ еңбек академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолы
- 2005 жылдан бастап банк секторында еңбек жолын бастады.
- 2019-2023 жылдары «Даму» қорының басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
- 2023 жылдан бастап «Фридом Банк Қазақстан» акционерлік қоғамының корпоративтік бизнес бойынша басқарушы директоры болып жұмыс істеді.
Айта кетейік, «Даму» қоры фермерлерге жеңілдікті қаржыландыру бағдарламалары аясында несиелер бойынша кепілдік ұсынады.