Қазақстан азаматтығын алу: «Ата жолы» картасына ие болғандар

Этникалық қазақтарға 10 жылдық арнайы карта берілді. Олардың арасында түрлі мамандар бар.

👁️ 8
Сурет: aktobetimes.kz

Этникалық қазақтарға, Қазақстанның азаматтығын алуға үміттенген басқа елдердің азаматтарына 10 жыл бойы елімізде тұру мен жұмыс істеу мүмкіндігін беретін 65 «Ата жолы» картасы табысталды. хабарлайды Актобе Таймс.

Бұл карталардың 27-і бизнесті дамытуға ниетті иммигранттарға берілсе, қалған 38-і сұранысқа ие мамандарға тиесілі. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Қайда болмасын, қазақтардың бір ғана Отаны – Қазақстан. Сондықтан шетелде тұратын отандастарымызды әрқашан қолдауға дайынбыз».

«Ата жолы» картасын алып отырғандар арасында Ресей, Германия, Монғолия, Қытай, АҚШ, Израиль, Франция, Ұлыбритания, Нидерланд, Финляндия, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген мамандар бар. Олардың ішінде физика инженерлері, математика инженерлері, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясы дәрігерлері, педиатрлар және басқа да мамандар бар.