КТЖ-Грузовые перевозки 56 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды
КТЖ-Грузовые перевозки компаниясында қаржы жымқырғандар анықталды.
👁️ 23
Сурет: eldala.kz
Компания КТЖ өзіне қарасты «КТЖ-Грузовые перевозки» ЖШС-не қатысты ішкі қызметтік тергеу жүргізіп, 56 миллион теңгеден астам ақша қаражатын жымқыру фактілерін анықтады. Бұл туралы КТЖ баспасөз қызметі хабарлайды - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
Ұлттық компания құқық қорғау органдарына анықталған бұзушылықтар туралы арыз жолдады, сондықтан материалдық залалды өтеу және кінәлі тұлғаларды анықтау шараларымен айналысуда.
Тергеу әрекеттері жалғасуда.
«КТЖ досудебтік тергеудің инициаторы ретінде тергеуге толық көмек көрсетуде. Компанияда мұндай фактілердің болмауын қамтамасыз ету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Біз кез келген бұзушылықтарға нөлдік төзімділік саясатын қолдаймыз», - деп мәлімдеді КТЖ.