Тегерандағы сауда-экономикалық миссия нәтижелері
15 желтоқсан күні Тегеранда Қазақстанның экономикалық миссиясы өтті.

Тегеранда 14-16 ақпан аралығында биылғы жылдың алғашқы сауда-экономикалық миссиясы өтті. Нәтижесінде коммерциялық келісімшарттарды 92 миллион доллардан астам сомаға бекіту туралы алдын ала келісімдер жасалды - деп хабарлайды eldala.kz тілшісі.
QazTrade хабарламасына сәйкес, бұл келісімдердің жүзеге асырылуы екі ел арасындағы тауар айналымын ұлғайтып, алдағы жылдары екіжақты сауданың көлемін 3 миллиард долларға жеткізу мақсатына жетуге септігін тигізеді.
Сауда миссиясы аясында 50-ден астам қазақстандық компания, оның ішінде азық-түлік өндірісі, агроөнеркәсіп кешені, металлургия, химия, логистика, құрылыс материалдары және медициналық жабдықтар өндірісі салаларында экспорттық мүмкіндіктерін таныстырды. Қатысушылар ирандық әріптестерімен B2B кездесулер өткізіп, өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар, QazTrade-тың жаңа көзқарасы бойынша Тегеранда алғашқы серіктестік офисі құрылды, бұл офис Қазақстан өнімдерін иран нарығында жылжытуға, жаңа клиенттер табуға және қол жеткізілген келісімдердің орындалуын бақылауға көмектеседі.
Бұл тәжірибе 2025 жылдың жоспарланған келесі сауда миссияларына да енгізілетін болады.