Алматы облысында көліктер қарда қалды
Алматы облысында апаттық жағдайға тап болған жүргізушілерге көмек көрсетілді.
👁️ 24

Сурет: inalmaty.kz
Алматы облысында қарда қалып қойған жүргізушілерге жедел қызметкерлер көмек көрсетті. Бұл жағдай 7 наурыз кешкі уақытта орын алған, деп хабарлайды inalmaty.kz тілшісі.
Автокөліктер Жалаулы ауылының маңында қардың қалыңдығына батып қалған. Ведомствоның мәліметінше, екі жеңіл автокөлік қиын жағдайда қалған.
«Бірінші көлік Жалаулы ауылына өз бетімен жетті. Екінші көліктен бір адам эвакуацияланды. Жағдай сәтті шешілді», — деді ведомстводан.
Құтқарушылар сондай-ақ, қолайсыз ауа райында ұзақ жолға шығудан сақтануға шақырады.