Алматы облысында республикалық трассаларда қозғалыс шектелді
Алматы облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді.
👁️ 31

Сурет: inalmaty.kz
Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық трассаларда қозғалыс шектелді. Бұл туралы inalmaty.kz тілшісі хабарлайды.
«ҚазАвтоЖол» АҚ-ның ақпаратына сәйкес, 18:30-дан бастап, Алматы-Тау шатқалына баратын автокөлік жолының 0-15 километр аралығында (Түздібастау ауылынан Бескайнар ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктерге қозғалыс шектелді. Жолдың қайта ашылу уақыты 4 наурыз, 12:00-ге жоспарлануда.
Ауа райы жағдайының нашарлауы салдарынан қозғалыс шектелді.