Бразилия ұлттық құрамасының жаңа жаттықтырушысы кім болады

Бразилия ұлттық құрамасының жаңа бас жаттықтырушысы шетелдік маман болады.

👁️ 15
Сурет: vesti.kz
Доривал Жуниор қызметінен кеткеннен кейін Бразилия ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы лауазымына жергілікті футбол конфедерациясы (CBF) шетелдік маманды тағайындауды жоспарлап отыр. vesti.kz. UOL ақпарат көзінің мәліметіне сүйенсек, CBF келесі үміткерлерді қарастырып жатыр: мадридтік "Реалдың" бас жаттықтырушысы Карло Анчелотти, "Манчестер Сити" командасын жаттықтырып жатқан Хосеп Гвардиола, сондай-ақ "Аль-Хиляльмен" жұмыс істеп жүрген Жорже Жезуш. CBF президенті Эднальдо Родригес Анчелотти кандидатурасына басымдық береді. Сонымен қатар, Гвардиоланың ұлттық команда жетекшілігіне қызығушылық танытып, Бразилияға ерекше сүйіспеншілікпен қарайтыны айтылады. Доривал Жуниор 2024 жылдың қаңтарынан бастап Бразилия құрамасын басқарды. 2026 жылғы әлем чемпионатына арналған іріктеу турнирінің 14 кезеңінен кейін пентакампеондар төртінші орында тұр. Карло Анчелотти, Хосеп Гвардиола